Жамбыл облысында коммуналдық меншіктегі ғимарат 111 есе арзан сатылған

Azattyq Rýhy

Өңір прокуратурасы заң бұзу фактісін анықтады

Жамбыл облысында коммуналдық меншіктегі ғимарат 111 есе арзан сатылған
Фото: Жамбыл облысы прокуратурасы

Жамбыл облысында коммуналдық меншік нарықтық құнынан 111 есе төмен бағаға заңсыз сатылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талас ауданының прокуратурасы жылжымайтын коммуналдық мүлікті заңсыз сату фактісін анықтады.

«2008 жылы «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатты. Бұл ретте базаның бағалау құны 30 млн теңгені құраған. 2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойған», - деп хабарлады өңір прокуратурасы.

Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарттары мен кепілді жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімімен мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.