Оқушылар спорттағы жеңістері үшін 10 000 теңге жүлде алған (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Редакция оқиғаға қатысты Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жауабын бір тәулік күтті

Оқушылар спорттағы жеңістері үшін 10 000 теңге жүлде алған (ВИДЕО)
Фото: видеоскриншот

Бірнеше күннен бері желіде тараған мына видео қызу талқыға түсіп жатыр: қайда және қашан өткені нақты белгісіз спорт жарысында балаларға 2000, 3000 және 5000 теңге сыйақы берілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ашық дереккөздер шараны Абай облысының шенеуніктері ұйымдастырды деп жазған еді. Редакция Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ермек Исабайға (баспасөз хатшы толық аты-жөнін сұраған хатқа жауап бермеді, аты-жөні желіде жазылған – ред.) 30 шілде күні телефон шалып, ақпаратты растауын не жоққа шығаруын сұрады.

Сол күні кешке дейін баспасөз хатшыдан жауап болмаған соң редакция қайта хабарласты. Ауызекі әңгіме барысында Ермек Исабай баспасөз қызметі шараның қайда өткенін анықтап жатыр деді. Бүгін, 31 шілде күні түске дейін облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен ақпаратты жоққа шығаратын мәлімдеме болған жоқ. Редакция ресми хат жолдап, қосымша ақпарат сұрайды. 

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысын екі жылдан бері Нұрлан Ұранхаев басқарып отыр. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.