Менің он екі елде кемі 100 балам бар – Telegram иесі Павел Дуров

Аягөз Құрмаш

Ол балаларының бір-бірін табуына көмектеседі

Менің он екі елде кемі 100 балам бар – Telegram иесі Павел Дуров
Фото: Instagram/durov

Ресейлік кәсіпкер Павел Дуров өзінің биологиялық 100 баласы бар екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маған 100-ден астам биологиялық балам бар екенін айтты. Ешқашан үйленбеген және жалғыз өмір сүруді қалайтын жігіт үшін ақылға қонымсыз дүние. Бірақ, 15 бес жыл бұрын менің досым маған біртүрлі өтінішпен жүгінген еді. Бедеулікке байланысты әйелі екеуі сәби сүйе алмады, сондықтан менен емханаға барып, ұрық беруімді өтінді. Клиника жетекшісі маған «жоғары сапалы донорлық материал»  жетіспейтінін айтып,  азаматтық міндетіме сай, сәби сүйе алмайтын отбасыларға құпия түрде донор болуымды өтінді», - деп жазды бүгін Павел Дуров өзінің telegram арнасында.

Оның айтуынша, оның ұрығы арқылы 12 елде жүзден астам ерлі-зайыпты балалы болған. 

«Донор болуды тоқтатқаннан кейін де, ЭКҰ клиникасында балалы болғысы келетін отбасылар анонимді түрде пайдалана алатын мұздатылған ұрығым сақталған екен. Енді мен биологиялық балаларым бір-бірімен табысуы үшін   ДНҚ жасатуды жоспарлап отырмын», - деп жазды Дуров.

Естеріңізге сала кетейік, Telegram желісінің негізін қалаған Павел Дуров жуырда Қазақстанға келген еді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.