Екібастұзда мас күйінде көлік жүргізген 132 жүргізуші ұсталды
Олар 8 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды
Жыл басынан бері Екібастұз полицейлері мас күйінде көлік жүргізген 132 жүргізушіні жазалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көлік құралдарын мас күйінде жүргізген жүргізушілер жауапкершілікке тартылса да, оларды 8 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырып және 20 күнге дейін әкімшілік қамауға алса да, статистика азаймай тұр. Жыл басынан бері 132 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізді. Жолдардағы қауіпсіздік көбінесе жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының тәртібі мен санасына байланысты. Мас күйінде автокөлікті жүргізуге мүмкіндік беретін жүргізушілер жол қатысушыларының бәріне үлкен қауіп төндіріп тұр», - деді Екібастұз қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Медет Бейсенов.
Айта кетерлігі, Ішкі істер министрлігі Ержан Сәденов қала арасында жүретін таксистерге талап күшейтілетінін мәлімдеді.