$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2024, 11:07
Қоғам

«Ұйықтамастан жолға шығады»: Қазақстанда қала арасында жүретін таксистерге талап күшеймек

Министр «қауіпті» такси жүргізушілерін анықтау қиынға соғып отыр дейді

«Ұйықтамастан жолға шығады»: Қазақстанда қала арасында жүретін таксистерге талап күшеймек
Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрлігі Ержан Сәденов аймақтан аймаққа демалыссыз жолаушы таситын такси жүргізушілері адам өміріне қауіп төндіретінін мәлімдеді, депи хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәденовтің айтуынша, жолаушыларды тасымалдау саласында қолданыстағы нормалар сақталмайды.

«Интернет-такси жүргізушілері пайда табу үшін ұйқысыз және демалыссыз көлік басқарады. Медициналық тексеруден өтпейді, көліктің техникалық жағдайы тексерілмейді. Осылайша, адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Демалыс, мереке күндері поезға билеттердің жоқтығынан такси жоғары сұранысқа ие болады. «Қауіпті» такси жүргізушілерін анықтау және жауапқа тарту қиын», - дейді ІІМ басшысы үкімет отырысында.

Интернет-агрегаторлардың рөлі тек тапсырыстарды бөлумен шектеледі. Сондықтан келесі жылдан бастап оларға тасымалдау талаптарын бақылау жүктеледі. Бұған Цифрлық даму министрлігі, Еңбек министрлігі, Көлік министрлігі және әкімдіктер қатысуы қажет.

Министрдің пікірінше, Көлік министрлігі мен әкімдіктер мына жұмыстарды ұйымдастырғаны жөн:

  • қалааралық жолаушылар көлігін дамыту;
  • демалыс, мереке күндерін ескеріп, сұранысқа ие бағыттар бойынша рейстер санын көбейту;
  • субсидиялау бойынша жолақыны арзандату;
  • еңбек және демалыс режимін бақылау құралдарын орнату.
Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚР ІІМ #такси