$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2024, 10:21
Қоғам

Майқайыңдағы апат: 7 айдан соң жер астынан шіріген автобус қалдықтары табылды

Төртінші құтқарушы 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ

Майқайыңдағы апат: 7 айдан соң жер астынан шіріген автобус қалдықтары табылды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Майқайыңдағы апаттан 7 ай өткенде жер астына түсіп кеткен автобус қалдықтары табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Майқайыңалтын» АҚ тау-кен ауданында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«24 шілде күні кешке қазу жұмыстары барысында құтқарушылардың автобусы табылды. Жаңбыр мен желге байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде. Бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздеу жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы жағын анықтау мүмкін болды, бампер мен доңғалақтары көрінді», - делінген ақпаратта.

Бұл ретте, төртінші құтқарушы – 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылмағанын хабарлаймыз.

19 шілдеде құтқарушы – 36 жастағы Айдос Шәймерденнің денесі апаттан кейін 6 ай уақыт өткенде табылған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 4 қаңтарда болды. Павлодар облысында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне төрт тау-кен құтқарушы мінген автобус құлаған. Автобуста кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізушісі болған. Автобус 150 метр тереңдікке құлағаны анықталды.

Екі адамның денесі бірден табылды. Ақпан айының басында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті апат қаупіне байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр екендіктерін мәлімдеді. Маусым айының соңында іздестіру жұмыстары қайта басталды.

Серіктес жаңалықтары