$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2024, 16:25
Қоғам

Майқайыңда құм басқан құтқарушының денесі 6 айдан кейін табылды

Айдос Шаймерденнің денесі 19 шілдеде таңертең табылған

Майқайыңда құм басқан құтқарушының денесі 6 айдан кейін табылды
Фото: ҚР ТЖМ

Қаңтар айында жер астына түсіп кеткен автобуста опат болған, «Майқайыңалтын» АҚ кенішінен үшінші құтқарушы -  Айдос Шаймерденнің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар Айдос Шаймерденнің денесін бүгін, 19 шілдеде, таңғы алтылар шамасында, сұмдық апаттан алты ай өткен соң барып бірақ тапты.

Оның денесі түске қарай жер бетіне шығарылды. Содан кейін, Екібастұзға сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жедел автокөліктің 55 жастағы жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданының Майқайың кентінде «Майқайыңалтын» АҚ аумағында кеніш шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлаған. Автобуста кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізушісі болған. Автобус 150 метр тереңдікке құлағаны анықталды. 

Екі адамның денесі бірден табылды. Ақпан айының басында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті апат қаупіне байланысты іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр екендіктерін мәлімдеді. Маусым айының соңында іздестіру жұмыстары қайта басталды

Серіктес жаңалықтары