$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бесікке мініп алып, жұртты қамшымен сабаған әженің әрекеті жұмбаққа айналды (ВИДЕО)

Бесікте бөлеулі сәби жатқан

Бесікке мініп алып, жұртты қамшымен сабаған әженің әрекеті жұмбаққа айналды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде бесік той кезінде бесіктің үстінен мініп алып, ат мінгендей шапқан, одан қалса, қонақтарды сабаған ақ жаулықты әженің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Байқап тұрғаныңыздай, бесіктің ішінде бөлеулі бала жатыр. Ақ жаулықты әже бесіктің үстіне отырып, қонаққа келгендерді қамшымен сабап жатыр.

Видеоға пікір қалдырғандар мұндай салт қазақта ертеректе болған деп жазған. Әсіресе, батыс өңірлерде сақталған деседі.

«Мұндай салт бесікке салу рәсімінде бар, бірақ мән-мағынасы не екенін білмеймін. Үлкен кісілер бесікке салғанда оған мініп алып, бесікпен алға қарай жүріп, отырған адамдарды қамшымен ұрып шығатын. Біздің бала кезіміздегі бесікке салу салты солай өтетін. Оның не мағына беретінін көне көз үлкендерден сұрап білу керек. Бұрын әже, шешелеріміз етек-жеңі кең, ұзын көйлек киетін, сол кең етектерімен бесікті жауып, ат сияқты мініп, баланы бөлегенде біз мәз болып күлетінбіз. Иә, әжеміз солай бесіктің үстіне мініп, қолындағы қамшымен жан жағын сабайтын еді. Себебін сұрағанда «жын-малғұн бесікке жоламасын» деп айтатын еді. Атам қазақтың ырымдары керемет қой, шіркін, тек қазір адамдар салт-дәстүрді ерсілендіріп, маңызын жойып жатыр», - деп жазды олар.

Кейбір оқырман бесікке баланы кім көрінген бөлемейтінін айтып, пікір қалдырған. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#той #бесіктой