Көкжөтел: өңірлер арасында антилидерлер аталды
Соңғы аптада 60 адамнан көкжөтел анықталған
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова көкжөтелмен сырқаттанушылық деңгейі жоғары аймақтарды атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шілде айының басынан бастап Қазақстанда сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Соңғы аптада көкжөтелдің 60 жағдайы тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 50 жағдайға төмендеуі байқалады.
«Бұл ретте Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Атырау облыстары және Жетісу облыстары сияқты еліміздің кейбір өңірінде көкжөтелмен сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен жоғары болды», - деді Зәуре Ахметова СК брифингінде.
Оның айтуынша, көкжөтелдің жиілігі вакцинацияланбаған балалар есебінен тіркеледі. Бұл ауру балалар санының 80-90 пайызын құрайды. Балалардың 61 пайызы вакцинацияланбаған.