Мемлекеттік қызметші антын бұзды: Талдықорған білім бөлімінің басшысы сотталды
Ол 280 млн теңге пара алған
Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды. Істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасырған және «қамқорлығы», жұмыс орнын сақтап тұру үшін осы бөлімнің бас бухгалтерінен 280 млн теңге көлемінде пара алған.
Жандос Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте істей алмайды.
Сотқа аталмыш бөлімнің ұжымы қатысты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетерлігі, Жандос Жолдыхановқа дейін Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған Роза Барманованың денесі 2023 жылы маусымда Қаратал өзенінің жағасынан табылды.