Талдықорғанда бұрынғы білім бөлімі басшысының денесі табылды

Аягөз Құрмаш

Оның денесін балықшылар судан алып шыққан 

Талдықорғанда бұрынғы білім бөлімі басшысының денесі табылды
Фото: blog-taldykorgan.bilimbolimi.kz

Талдықорғанның білім саласын 2016-2022 жылдары басқарған Роза Барманованың мүрдесі Қаратал өзенінің жағасынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Тексергеннен кейін әйелдің денесі Талдықорғандағы мәйітханаға жеткізілді. Өлімге не себеп болғаны анықталып жатыр.

«Әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қаратал өзенінен табылды. Факт қала полициясында ресми түрде тіркелді. Тиісті тексерулер бекітілді. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Өлімге не себеп болғаны анықталады», –  деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2013-2022 жылдар аралығында басқарған. Оның орнын кейін Жандос Жолдыханов басқан еді. Жолдыхановтың өзі 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Сот шешімімен ол қамауға алынған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.