Алименттен қашқан жетісулық әке сотталды
Балаларға қамқорлық жасау – ата-ананың басты міндеті

Жетісу облысында алимент төлемеген борышкер сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сот үкімімен борышкер «T» кәмелетке толмаған екі баласын асырау үшін алимент төлеу жөніндегі міндеттерін үш жыл бойы орындамағандықтан, 1 жыл мерзімге бас бостандығыннан айырылды. Оның алимент бойынша берешектері 2,5 млн теңгеден асып, бұл кәмелетке толмаған балаларды асырауда материалдық қиындықтарға әкелді», - деп хабарлады прокуратура.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп, сотқа жолданды.
Облыстық прокуратура алимент төлемегені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.