09.07.2024, 12:51
Қоғам
Марат Қарабаев жол бойындағы әжетхананы күтіп ұстайтын жұмысшылардың жалақысын айтты
Жаңа әжетхана орнатудың бағасы 8-18 млн теңге аралығында
Фото: istockphoto.com
Жол бойындағы әжетхананы күтіп ұстайтын жұмысшыға 150 мың теңге жалақы төленеді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің сөзінше, елімізде жол бойына жаңа дәретхананы салумен оның мәселесі біте салмайды. Басты проблема – күтіп ұстау.
«Жолдардың арақашықтығы үлкен, оның қасында ешқандай елді-мекен жоқ, оны күтіп ұстау қажет. Қазір біз бір дәртхананы күтіп ұстап отырған екі кісіге 300 мың беріп отырмыз. Оның өзі аз», - деді министр.
Марат Қарабаевтың дерегінше, қазір Қазақстанда жол бойында орналасқан 761 әжетхана ескі. Осы уақытқа дейін оның 108-і сүріліп, орнына жаңасы қойылған. Биыл тағы 48 дәретхана орнату жоспарланып отыр.
Көп оқылған
14.05.2026, 10:40
Қызылорда облысында 14 жыл бұрын бозбаланы пышақтап өлтірген қылмыскер анықталды (ВИДЕО)
14.05.2026, 15:27
«Жұмыстан кеткіңіз келсе – кетіңіз»: Аймағамбетов «жұмыстан шыға алмай жүрген» қазақстандықтарға қуанышты жаңалық айтты
14.05.2026, 10:33
Ақмола облысында 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
14.05.2026, 16:47
Түркия Қазақстанда әскери дрон өндіретін кәсіпорын ашатын болды: Тоқаев пен Ердоған қол қойды