$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2024, 12:23
Қоғам

ҚТЖ-да білікті мамандар істейді: Министр қызметкерлер арасында тамыр-таныспен орналасқандар жоқ деді

Марат Қарабаев сұраққа ашық жауап берді 

ҚТЖ-да білікті мамандар істейді: Министр қызметкерлер арасында тамыр-таныспен орналасқандар жоқ деді
Фото: ҚТЖ

«KTZ Express» АҚ қызметкерлерінің 85 пайызы жұмысқа тамыр-таныспен кірген, теміржолшы мамандығын меңгермеген. Бұл рас па?

Журналистердің сауалына Көлік министрі Марат Қарабаев жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ашық сөйлесуге дайынбыз. 85 пайыз болуы мүмкін емес. Жалпы ҚТЖ емес, «ҚТЖ экспрессті» («KTZ Express» АҚ) айтып тұрсыз. ҚТЖ-ның өзінде білікті мамандар жұмыс істейді. Сол салада әулет-әулетімен, екінші, үшінші ұрпақ жұмыс істеп жатқан кісілер бар. Ал енді «ҚТЖ экспресстің» өзіне тоқталатын болсам, ол – тасымалдаушы компания. Тасымалдаудың өзімен жүк компаниясы айналысады. Ол жақта тіл білетін, тауарды сата алатын, маркетинг саласын меңгерген мамандар болуы мүмкін, теміржол саласының ішкі маманы болуы міндетті емес. Ол жақта айти мамандарының болуы ауадай қажет», - деді министр.

Көлік министрі Марат Қарабаев «ҚТЖ-экспресс» жұмысы көбіне ұйымдастыру, менеджмент бойынша екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары