02.07.2024, 17:02
Қоғам
Астанада 3 шілдеде отшашу атылады
6 шілде күні дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады
Фото: istockphoto.com
Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта салют атылады. Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі және техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, оның ішінде Ұлытау скверінің аумағынан байқауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен уақыты сағат 22:15-те(22:30).
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
