Ақтауда жасөспірімді зорлап, қорлық көрсеткен 5 баланың әкесіне қатысты үкім шықты

Azattyq Rýhy

Айыпты 22 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтауда жасөспірімді зорлап, қорлық көрсеткен 5 баланың әкесіне қатысты үкім шықты
Фото: istockphoto.com

Бес баланың әкесі эпилепсиямен ауыратын 13 жасар қызды зорлаған, бұл үшін Ақтау соты оны 22 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталушының адвокаты жәбірленушілерге қысым көрсетіп, сотта басқа да заң бұзушылықтар жасаған.

«Біз қыздың туыстарына ұзақ және қиын күреске шыдағаны үшін алғыс айтамыз. Сотталушының адвокаты көрсеткен қысым, қорлау және заң бұзушылықтарға қарамастан, олар бүкіл процеске төтеп берді», - деп жазды «НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі өз парақшасында.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде невропатолог есебінде тұрған қыз жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Зорлаушы, бес баланың әкесі, басқа азаппен аздай, 13 жасар жасөспірімді ауызша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Оның кінәсі толық дәлелденді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.