Қытай Төрағасы қазақ баласын Тоқаев оқыған университетке түсуге шақырды

Темірхан Айжан

10 жасар Әмірхан ҚХР басшысын ата деп атаған

Қытай Төрағасы қазақ баласын Тоқаев оқыған университетке түсуге шақырды
Фото: скриншот

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қазақ баласын Қытайдың маңдайалды университетіне оқуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуежайда Қытай делегациясын ән айтып қарсы алған балалар ҚХР басшысы Си Цзиньпинді таңқалдырды. Әмірхан есімді бүлдіршіннің қытайша сөйлегеніне тәнті болған, Төраға оны аспанасты елінің мықты жоғары оқу орындарына түсуге шақырды. Журналист Әділ Балтабаев телеграм каналында жариялаған бейнежазбада Қытай төрағасының балаға риза болғаны көрінеді. 

«Қытайдың университеттеріне түсуіңді қош көрдім. Бейжің не Цинхуа университетіне түсуге болады. Екеуі де керемет университеттер», - деді Си Цзиньпин.

Айта кетсек, Бейжің тіл және мәдениет университетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім алған.

Бұған дейін хабарланғандай, 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда болады. Ол сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.