01.07.2024, 11:19
Қоғам
Ақтауда құны 87 млн теңге болатын қоғамдық дәретханалар жарамсыз болып қалды
QR-код бойынша жұмыс істейтін модульдік дәретханалардан ақау шықты
Фото: Lada.kz
Ақтауда 12 қоғамдық дәретхана жұмыс істейді, оның бесеуі – модульдік дәретхана, оған қала тұрғындары QR-код бойынша жүргізілген төлемнен кейін қол жеткізе алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде техникалық ақауларға байланысты QR-код жұмыс істемейтіні түсіндірілді.
«QR-код бойынша жұмыс істейтін дәретханалар ақау жөнделгенге дейін уақытша жабылады. Мамандар жұмыс істейді. Жақын арада барлық ақаулар жойылады», - деп хабарлады әкімдік.
Lada.kz мәліметінше, 12 қоғамдық дәретхана 87 млн теңгеге алынған.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
