Қырғызстандағы сел: опат болған тоғызыншы адамның денесі табылды

Azattyq Rýhy

Марқұм болғандардың төртеуі - Қазақстан азаматтары 

Қырғызстандағы сел: опат болған тоғызыншы адамның денесі табылды
Фото: instagram.com/mchs_kyrgyzstan/

Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында селдің түсуі салдарынан қаза тапқан тоғызыншы адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 маусымда Абшыр-Ата ауылында селден опат болған тоғызыншы баланың денесі табылды. Қазіргі уақытта оның аты, тегі және туған жылы анықталып жатыр. 

Cactus.Media мәліметтері бойынша, 9 адамның екеуі ересек, қалғаны - 2016, 2013, 2012, 2008, 2005 жылы туған балалар мен жасөспірімдер. Оның ішінде төрт қазақстандық бала бар.

Естеріңізге сала кетейік, жұма, 28 маусым күні, Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында сел жүріп өтті. Салдарынан жолдар, көпірлер қирап, тұрғын үйлер су астында қалды. Қаза тапқандардың арасында Қазақстаннан төрт бала бар. «Абшыр-Ата» демалыс аймағынан 1400 демалушы эвакуацияланды. ТЖ режимі жарияланды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.