29.06.2024, 20:12
Оқиғалар
Қырғызстандағы сел тасқыны салдарынан екі қазақстандық бала көз жұмды
Тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қырғызстан ТЖМ ақпараты бойынша, Ош облысының Ноокат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел тасқынының салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады.
Қырғыз құтқарушыларының күштерімен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
«Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда», - делінген хабарламада.
Қазақстан ТЖМ Ош қаласына қаза тапқан азаматтардың денелерін тасымалдау үшін әуе кемесін жіберу мәселесін пысықтауда.
Көп оқылған
07.04.2026, 10:45
Түрмедегі Қуандық Бишімбаевтың ресми түрде үйленіп алғаны рас па? Адвокаты нақтысын айтты
07.04.2026, 11:30
«Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы еді»: Алматыда жоғалып кеткен Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды
07.04.2026, 14:35
Астанада Республика даңғылының бойымен 115 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)