Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккен бірқатар азамат жаңа үйдің кілтін алды

Azattyq Rýhy

Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылының тұрғындары жаңа қонысқа қол жеткізді 

Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккен бірқатар азамат жаңа үйдің кілтін алды
Фото: Валерия Бугаева

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге 5 жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады.

«Үйлері апатты деп танылған адамдардың бүгін қоныс тойларын тойлап жатқандарына өте қуаныштымын. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз сіздердің ауылдарыңыздағы төтенше жағдайдың салдарын барынша жоюға тырыстық. Қиын кезеңдерде шыдамдылық танытқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет», - деді өңір басшысы.

«Барлығыңызға үлкен рахмет. Бізге дәл осы жерде жаңа үй салғанына өте қуаныштымын. Бұрын бұл жерде менің ата-анам тұрған. Біз осында өстік», - деді ауыл тұрғыны Мархабат Сматаев.

Көпбалалы отбасылар, «Күміс алқа» белгілерінің иегерлері - Сматаевтар, Баймановтар, Муллин және Дайырбековтардың үйлерін қалпына келтіруге мүмкін болмады.

Барлық жаңа қоныс иелері облыстық мәслихат депутаттарынан, сондай-ақ, облыстың үш қаласының мәслихаттарынан сыйлық ретінде тұрмыстық техникалар (тоңазытқыштар, теледидарлар, кір жуатын машиналар, ас үй плиталары, кондиционерлер және т.б.) алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.