Димаштан кейін қытайлық Singer сахнасына тағы бір қазақ әншісі шықты

Azattyq Rýhy

Бұл жолы Рухия Байдүкенова бақ сынайды

Димаштан кейін қытайлық Singer сахнасына тағы бір қазақ әншісі шықты
Фото: Ертай Нүсіпжанов

Әнші Рухия Байдүкенова  қытайлық Singer сахнасында бақ сынайды. Бұл туралы продюсер Ертай Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Араға 7 жыл уақыт салып Singer сахнасына қайта оралдық. Бұл жолы - Рухия. 4 жыл үзілістен кейін тағы да миллиондаған көрерменге жол тартқан аты әлемге әйгілі музыкалық тележоба осы жылдың мамыр айында басталды. Бұл маусымның басты ерекшелігінің бірі - жоба тікелей эфирде, Қытайда өтіп жатыр. Бағалау халықтың дауыс беруі негізінде болады.

Рухия бүгін, Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де 8-кезеңде өнер көрсетеді. «Топ жару» статусымен келген бірінші шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түседі. Бағалаушы барша көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, жеңсе келесі кезеңге өтеді. Ал, жеңілсе біз үшін сайыс осы тұста аяқталады.

Қалай болғанда да бұл үлкен еңбек, артыс-тартыспен келген жеңіс. Жеңіс дейтінім үлкен сахнада тағы бір қазақ күллі әлемге өнер көрсетіп, Қазақтың атын шығарады. Бұдан асқан жеңіс бар ма, сірә! Қуан, қазақ! Қолда, қазақ!» - деп жазды продюсер.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.