$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2024, 10:00
Қоғам

Қырық мыңнан астам кәсіпкер жапа шекті - Антикор

14 адам жауапкершілікке тартылды 

Қырық мыңнан астам кәсіпкер жапа шекті - Антикор
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

«Бизнеске жол» жобасы аясында 37 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

768 проблемалық кейс шешілді.

«Мәселен, Түркістан облысында фермерлер үшін суармалы судың бағасын көтерген делдалдық фирмалардың қызметі тоқтатылды. Енді су жеткізуші («Қазсушар» ШЖҚ РМК) шаруашылықтармен тікелей шарттар жасасады, бұл бағаны 2 есеге (1 мың м3 үшін 766 теңгеден 421 теңгеге дейін) төмендетті.

Жетісу облысында ақшаның болмауы себебінен шарттарды ұзартпаған 275 мектеп тамақтандырушысының құқықтары қорғалды. Әкімдік бөлінген қаражатты басқа бағытқа аударған», - деп хабарлады Антикор.

Нәтижесінде кәсіпкерлер 2 ай ішінде балаларды өз есебінен тамақтандыруға мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша қаржыландыру қалпына келтіріліп, шарттар ұзартылды.

Жоба аясында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

2023 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 14 адамды жауапкершілікке тартты, оның 7-і заңсыз іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқарған.

Серіктес жаңалықтары