Павел Дуров Қазақстанда не істеп жүр - министр жауабы

Темірхан Айжан

Елімізде ресейлік кәсіпкердің өнімі Telegram-ды қолданушылар саны 10 млннан асады 

Павел Дуров Қазақстанда не істеп жүр - министр жауабы
Фото: Instagram/durov

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ресейлік кәсіпкер, IT маманы Павел Дуровтың Қазақстанға не үшін келгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елімізді аралап көргісі келеді, басқа қалаларға да баруы мүмкін, жоғары қызығушылық танынып отыр. Болашақта перспективалы жобаларды іске асырамыз деп ойлаймын. Қазір нақты қандай жобалар екенін айтуға әлі ерте», - деді министр.

Мәдиев Павел Дуров Қазақстаннан үлкен технологиялық перспективалар көруі үшін барынша тырысып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, ол елімізде ресейлік кәсіпкердің өнімі Telegram-ды қолданушылар саны 10 млннан асатынын қосып өтті.  

Еске салсақ, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Embraer Legacy 600 ұшағымен Астанаға ұшып келген болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.