Шетелдік азамат Қазақстанда құлдықта жүр: шындық белгілі болды

Azattyq Rýhy

Ақпаратқа Қырғызстан СІМ түсініктеме берді

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қырғызстандықтың Қазақстандағы құлдықтан қашып кеткенін және көмекке мұқтаж екенін мәлімдеген үндеуіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kg-ге сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан азаматы әлеуметтік желіде жарияланған бейне-үндеуінде Қазақстанда еңбек құлдығына түскенін мәлімдеп, Қырғызстан билігінен көмек сұраған болатын.

«21 маусымда Алматыда орналасқан Қырғызстан Бас консульдігіне Жамбыл облысының Мерке ауылында біздің отандасымыз Мақсат Үсенбаев туралы ауызша ақпарат келіп түсті. Ол ұзақ уақыт бойы ҚР аумағында еңбек құлдығында болған. Оның айтуынша, жұмыс беруші тарапынан физикалық зорлық-зомбылық көрсетілген. Бейнеролик жарияланғаннан кейін тағы бір қырғызстандық Бас консулдыққа жүгінді, ол Мақсат Үсенбаевтың шын мәнінде оның туысы – 1987 жылы туған И.М. Т., Қырғызстанның тумасы екенін айтты. Туысының айтуынша, «әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат жалған. И.М.Т. алкогольді асыра пайдаланады, тұрақты жұмыс орны жоқ және өзін еңбек құлдығының құрбаны ретінде көрсету арқылы адамдарды адастырады». Дәл осы ақпаратты Министрліктің қызметкері телефон арқылы хабарласқан видеодағы жігіттің ағасымен сөйлесіп, растады», - делінген Қырғызстан СІМ берген ақпаратында.

Қазір Бас консулдық ІІМ өкілдерімен бірлесіп И.М. Т.-ның нақты орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Қазақстанның құзыретті органдарына И. М. Т. азаматтығына қатысты сұрау салынды, өйткені оның анасы ҚР азаматы және Астанада тұрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.