Қонаевта адам өлтірген 15 жастағы жасөспірімге қатысты үкім өзгерді
Апелляциялық сот жасөспірімге қатысты айыптауды қайта қарады
Алматы облыстық соты Қонаевта адам өлтірген 15 жастағы жасөспірімге қатысты шығарған үкімді өзгертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыс 2023 жылы 25 маусымда кешке демалыс орындарының бірінің алдында болған. Жанжал кезінде 15 жастағы жасөспірім жәбірленушінің жақ тұсынан бір рет жұдырықпен ұрған. Ер адам құлап, есінен танып қалған.
Бұл ретте жәбірленуші соққыдан емес, жерге құлағанан ауыр дене жарақатын алған.
2023 жылдың 21 шілдесінде жәбірленуші К. алған жарақаттан, есін жимастан қайтыс болды.
Айыпталушы Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғың 26 сәуірдегі үкімімен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
«Апелляциялық алқа сотталғанның әрекетін 106-баптың 3-бөлігінен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 104-баптың 1-бөлігіне (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қайта жіктеді. Жаза бір жарым жылға дейін қысқартылды, жас жігіт оны кәмелетке толмағандар колониясында өтейді», - делінген хабарламада.
Өндіріп алынған моральдық зиян өтемақысының мөлшері 10 млн теңгеден млн теңгеге дейін төмендетілді.
Қаулы заңды күшіне енді.