Түркістан облысында терроризмді насихаттағаны үшін 4 азамат ұсталды
Күдіктінің бәрі ҚР азаматтары
2024 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК баспасөз қызметі мәліметі бойынша, тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
«Алдын ала белгілі болған деректерге сәйкес, фигуранттың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикалды діни идеологияға сол жерде әуестенген болуы ықтимал», — делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1 және 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.