Ақтөбедегі асыл тұқымды жылқы орнына мініс аттар сатып алған кәсіпкер жауапқа тартылды

Azattyq Rýhy

Оқыс оқиғадан кейін спорт мектебінің басшысы да, есепшісі де қызметтен кетті

Ақтөбедегі асыл тұқымды жылқы орнына мініс аттар сатып алған кәсіпкер жауапқа тартылды
Фото: astanatv.kz

Ақтөбедегі ат спорты мектебіне асыл тұқымды жылқы орнына, мініс аттарын сатып алған кәсіпкер жауапқа тартылды. Ол бес жылқының құнын толық қайтаруы тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

Былтыр Ақтөбедегі спорт мектебінде аудиторлық тексеріс болған. Сол кезде спорт мектебіне алынған тұлпарлардың асыл тұқымды емес, қарапайым ат екені анықталды. Кәсіпкерде оның асылтұқымды екенін дәлелдейтін құжаттары болмай шыққан.

Оқыс оқиғадан кейін спорт мектебінің басшысы да, есепшісі де қызметтен кетті. Көкпаршылар үшін қазына қаражатына сатып алынған бес жылқының құнын сот шешімімен тендерді ұтқан кәсіпкер қайтаратын болды. 

«Сотта аудиторлық есеп бойынша жауапкермен жеткізілген бес бас көкпар спорттық жылқылардың техникалық ерекшелік шарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Жауапкермен осы жылқылардың асыл тұқымға жататындығы дәлелдейтін құжаттар, яғни асыл тұқымдық қуәліктер ұсынылған жоқ», - деді облыстық сот баспасөз қызметінің бас маманы Жансая Таирова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.