26.06.2024, 09:51
Қоғам
Астаналық борышкер әкелер 87 миллион теңге төледі
10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды
Фото: depositphotos.com
Бас прокуратура «электрондық әмияндар» электронды төлем құралдарында 300 млн теңгеден астам кірісін жасырған борышкерлерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мысалы, 5 млн теңге қарызы бар жосықсыз борышкер екі баласына 5 жыл бойы алимент төлемеген. Ол әмиянын 6 млн теңгеге толықтырып, өз қажеттіліктері үшін жаратқан. Басқа жағдайда, 33 жастағы алимент төлемеуші сот үкімімен алимент төлеуден жалтарғаны үшін 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартумен 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды», - делінген хабарламада.
Жалпы жыл басынан бері 250 баланың пайдасына 87 млн теңге өндірілді.
Сот актілерін орындамағаны үшін 98 борышкер әкімшілік, 10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді