$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.06.2024, 09:57
Қоғам

Жақын туыстарына миллиардтап төлеген: Маңғыстауда 4 мұнай-газ компаниясының басшылары ұсталды

Қылмыстық іс қозғалды

Жақын туыстарына миллиардтап төлеген: Маңғыстауда 4 мұнай-газ компаниясының басшылары ұсталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облысында мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнын тексеру жұмысы басталды, деп хабарлайды Аzattyq rýhy аймақ прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура Экономикалық тергеу департаментімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп бұл істі жүргізеді.

«ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Олардың құны 400 млн теңгеден көп. Жұмыс істемейтін арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге көлемінде ақша қаражатын аудару фактілері анықталды», – делінген хабарламада.

«West Oil Software» ЖШС («ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген тұлғаларға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу, жалақыны негізсіз есептеу, оның ішінде компания басшылығының жақын туыстарына төлеу фактілерін анықтады.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бес тергеу басталды (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе ысырап ету). Іс жүргізу прокурорлары тағайындалды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында 4 басшы лауазымды тұлғасы ұсталды. Қылмыстық істер облыстың экономикалық тергеу департаментінде жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары