$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2024, 16:05
Қоғам

Ақтөбеде жалған діни пансионаттар анықталды

Балалар дер кезінде медициналық көмек алмаған

Ақтөбеде жалған діни пансионаттар анықталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Ақтөбеде «Актөбе» және «Ақжар» діни пансионаттары жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық прокуратурасы балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында заңнама талаптары бұзылғанын анықтады.

«Ақтөбе қаласындағы «Актөбе» және «Ақжар» пансионаттары тәрбиеленушілерінің жеке істерін зерделеу барысында тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны, сонымен қатар, жеке істерінде діни жазбалары бар дәптерлердің бар екені анықталды. Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы. Қайырымдылық мекемелері қызметінің діни бейімділігі, балалар мен тәрбиешілердің сауалнамаларымен де расталды», - деп хабарлады прокуратура.

Аталған мекемелер өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жүзеге асырған.

Балалардың тиісті білім алуға, тәрбиеленуге және дер кезінде медициналық көмек алуға құқықтары мен бостандықтары бұзылған.

Серіктес жаңалықтары