21.06.2024, 15:54
Қоғам
Астанада екі жасар баланы күтушісі тұншықтырып өлтірді
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Фото: istockphoto.com
Астанада екі жасар баланы күтушісі тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға туралы ақпарат желіде пайда болды. Екі жасар бала тұншығудан қайтыс болды деп хабарланды. Кісі өлтірді деген күдікпен 38 жастағы бала күтуші ұсталды.
Полиция бұл фактіні растады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жауап берді Астана ПД.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)