Ақтөбеде ауруханадағы әйелді палатадағы көршісі алдаған

Azattyq Rýhy

Күдікті жәбірленушінің телефонынан 2 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеп, өз шотына аударған

Ақтөбеде ауруханадағы әйелді палатадағы көршісі алдаған
Фото: freepik.com

Ақтөбелік әйел полицияға ауруханада болған алаяқтық фактісі туралы арызданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жәбірленуші сәуір айында ауруханада емделіп жатқан кезінде палатадағы көршісінен телефонға қосымша орнатып беруді сұраған.

Алайда күдікті жәбірленушінің телефонынан 2 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеп, өз шотына аударған.

«Жәбірленуші бұл туралы банктен несиені төлеу туралы хабарлама келгенде ғана білген. ​Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе облысының 51 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. ​Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.