17.06.2024, 23:32
Қоғам
Атырау облысында тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды
Көпірден секірмек болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды
Фото: Атырау облысы ПД
17 маусым күні Құрманғазы ауданында патрульдік полицейлер өздеріне бекітілген аумақта, Бұзаусылан каналында көпірде іс әрекеті оғаш көрінген ер адамды байқаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Дереу жанына жеткенде ер адамның көпірдің арғы жағына өтіп, суға секірмек болған әйелді райынан қайтармақ ниетте екенін көрген полицейлер шұғыл әрекет етіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.
«Мәселенің мән-жайын тексеру барысында көпірден секірмек болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды. Аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды