Шахтинск қаласында бойжеткенге әдейі АИТВ жұқтырған ер адам сотталды

Azattyq Rýhy

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Шахтинск қаласында бойжеткенге әдейі АИТВ жұқтырған ер адам сотталды
Фото: istockphoto.com

Шахтинск қаласында бойжеткенге адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) әдейі жұқтырған ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Жоғырғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта 2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылғаны белгілі болды. Оған сол кезде емдеуден жалтарып, басқаларға аталған ауруды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ескертілген.

«Ол 2016-2023 жылдар аралығында бір бойжеткенмен бірге тұрған, бірақ оған жұқпалы ауруы барын айтпаған. Салдарынан АИТВ инфекциясын жұқтырған әйел адам қайтыс болған», - делінген соттың хабарламасында.

Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

ҚР Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігінің санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Ауырлатылған мән-жайлар – қылмыс ауыр зардаптарға әкеп соқтырған – жәбірленушінің өлімі деп танылады.

«Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары – мәжбүрлеп емдеу тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.