Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы жаңа тұрғын үйлер құрылысы бақылауда

Azattyq Rýhy

Жобаға сәйкес, үйлердің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды

Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы жаңа тұрғын үйлер құрылысы бақылауда
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Қобда ауданы Жарық ауылында 93 отбасының 23-і көктемгі су тасқынынан зардап шекті. Оның 17-не ауылдан, 5 отбасыға аудан орталығынан жаңа үйлер салынып жатыр. Ал бір үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа үйлердің құрылысын AMANAT партиясы Қобда аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы қадағалап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауылдағы жаңа үйлердің іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілді. Құрылыс сапасын жіті бақылап отырмыз. Мамыр айының соңында басталған құрылыс жұмыстарын тамызда аяқтау жоспарлануда. Үйлер толық салынып біткенше, мониторинг жұмыстарын тоқтатпаймыз», - дейді аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мәрия Күзембай.

Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, «Кап Групп» ЖШС және «Имур» ЖШС құрылыс жұмыстарын қарқынды, сапалы жүргізіп жатыр. Жобаға сәйкес, үйлердің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде ас бөлмесі, екі жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі және санитарлық торап бөлмесі қарастырылған.

Айта кетейік, Қобда ауданы бойынша барлығы 151 үй салынып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.