$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2024, 09:43
Қоғам

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 81 шетелдік анықталды

Жұмыс берушілер жауапқа тартылды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 81 шетелдік анықталды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 81 шетелдік анықталды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Төрт күн ішінде «Заңсыз келуші» ЖПІШ заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 81 шетелдік пен 23 жұмыс берушіні анықтады. Мысалы Павлодар қаласындағы тұрғын үйдің бір құрылыс объектісінде жұмыс істеу барысында шетелдік 11 азамат анықталып, ұсталды. Олар рұқсат құжаттарынсыз елордалық құрылыс ЖШС-нің бірінің әрлеушісі ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Осы факті бойынша ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды», – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Сонымен қатар шетелдік төрт азамат ұсталды, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз қалалық ЖК-нің бірінде жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Қазіргі уақытта дара кәсіпкерге қатысты ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды. Өзбекстан Республикасының үш азаматына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және біреуіне елден шығару түрінде жаза қолданылды.

Жалпы, 4 күні ішінде елде көші-қон ережелерін бұзғаны үшін 191 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа 136 материал жіберілді.
 

Серіктес жаңалықтары