«Әйелдеріңіз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді»: желідегі видео қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Автор видеоны еліміздегі барлық ер адамға арнаған 

«Әйелдеріңіз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді»: желідегі видео қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

«Қатындарыңыз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді». Желі қолданушының түсірген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Видеода ер адамның әйелі оның аяғына массаж жасап, соңында табанын сүйген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Массаж процессін ер адамның өзі камераға түсірген.

«Осылай массаж жасап беріп, артынан бонус ретінде бір сүйесіздер», - дейді әйелі.

Бұған риза болған ер адам видеоны еліміздегі барлық ер адамға арнаған.

«Әйелдеріңіз бен жандарыңызға, әйелдеріңізге жіберіңіздер. Милары сынатын сияқты ғой. «Құдай сақтасын, мен олай жасамаймын» дейтіндер болады арасында. Қолдайтындар болады. Әйелдеріңіз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді», - деген автор.

Желіде бұл видеоға қатысты әр түрлі пікір жазылған:

«Сыйластық – бұл аяқты сүю емес. Егер ол қатты құрметтесе, жабық киім киген дұрыс», «әйелін өзі қорлады, егер сіздің әпкеңіз біреудің аяғын осылай сүйсе, не сезінер едіңіз», «фу, қандай жиіркенішті», - деп жазады комментаторлар.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.