$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2024, 13:22
Қоғам

Қарағанды облысында түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші табылды

Ол 5 маусым күні қоғамдық жұмыстан кейін түрмеге оралуы тиіс еді

Қарағанды облысында түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші табылды
t.me/patriot_patriot

Қарағанды облысында түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетейік, ол 5 маусым күні қоғамдық жұмыс атқарғаннан кейін колонияға оралудың орнына ізім-ғайым жоғалды. «Алаяқтық» үшін сотталған ол осы жылы қыркүйек айында бостандыққа шығуы керек еді. Бірақ соңғы оқиғаны ескере отырып – жазасын өтеуден жалтарғаны үшін тағы мерзім қосылуы мүмкін.

«Қылмыстық кодекске сәйкес, жазаны өтеуден жалтарғаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ҚАЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін БАҚ-та Қарағанды ​​облысындағы түрмеден 1992 жылы туған Жандос Ошанаевтың қашып кеткені хабарланған еді. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталған (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары).

«Немқұрайлылық танытып, қашуға жол берген колония қызметкерлері де жазаланады», деп хабарлады полиция.

Белгілі болғаны, жазасын өтеуші Саран қаласынан колонияға оралар жолда жасырынған. Бұл минималды қауіпсіздік колониясында сотталғандар қоғамдық жұмыстарға тартылады – саябақтарды, гүлзарларды тазалайды, бояйды, ағартады, қоғамның пайдасына басқа да жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары