Астана атауы тағы өзгерейін деп жатыр ма

Azattyq Rýhy

Журналистер сауалына сенатор жауап берді

Астана атауы тағы өзгерейін деп жатыр ма
Фото: Azattyq Rýhy

Елорда күні қарсаңында Астана атауы тағы өзгертіле ме? Бұл сұраққа Сенат кулуарында депутат Бибігүл Жексенбай жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің ойымша, мұндай жоспар жоқ. Қазір депутаттар алдында бұдан әлдеқайда маңызды, жаһандық, салмақты және пайдалы міндеттер тұр. Сондықтан, менің ойымша, мұндай өзгеріс болмайды», - деп атап өтті сенатор Бибігүл Жексенбай.

Айта кетейік, Қазақстанның қазіргі астанасының атауы бірнеше рет өзгерген.

Қала Ақмола, Целиноград, Ақмола деп аталған. 1997 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан сол кездегі Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы ресми түрде жаңа астананы таныстырды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола Астана деп аталды.

2019 жылы елорданы Нұр-сұлтан деп атау ұсынылды, 2022 жылы қалаға бұрынғы атауы «Астана» қайтарылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.