«Көрмеуге шақырамын»: «Қалаулым» бағдарламасы жабыла ма

Аягөз Құрмаш

Ол рейтингті бағдарламаны көретіндер жинап беріп отырғанын айтты

«Көрмеуге шақырамын»: «Қалаулым» бағдарламасы жабыла ма
Фото: Фотоколлаж/Әбілқасым Есентаев

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенат отырысының жалпы отырысында «Қалаулым» бағдарламасына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министрге эфирден бір-бірімен жаға жыртысып жататын бағдарламаларды тоқтатуға қатысты сұрақ қойылды.

Мен қарапайым азамат ретінде қарсымын. Сондықтан мен оны көрмеймін. Тағы кімге ұнамайды, оларға да көрмеуге кеңес беремін. Егер ол бағдарламаны ешкім көрмесе, рейтингі де болмайды. Танымал да болмайды,-деді Ысқақов.

Оның айтуынша, сол бағдарламаны көретін адамдар рейтингін өсіріп отыр.

Бағдарламаның рейтингі арқылы компанияға ақша әкеліп отыр. Біз бағдарламалар бойынша мониторинг жүргіземіз. Эфирде ұрсысатын бағдарламалар болса, оларға мұндайды қайталамауға ұсыныс жібереміз. Оны қабылдау мен орындау әр редакцияның құзырында,- деді вице-министр.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.