Алаяқтар Алматы полиция басшысының атынан жалған хабарлама жөнелтіп жатыр

Azattyq Rýhy

Полиция мұндай хабарлама алған азаматтардан дереу хабар беруді сұрайды

Алаяқтар Алматы полиция басшысының атынан жалған хабарлама жөнелтіп жатыр
Фото: istockphoto.com

What’sApp және Telegram мессенджерінде белгісіз біреулер өз профиліне Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың суретін пайдаланып, азаматтарға жалған хабарлама таратып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы полициясы, қазіргі уақытта, күдікті Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, кенеттен «ҚР ҰҚК-нен тексеріс» келіп жатыр деп, қол астындағы қызметкерлерге ақшаны жедел түрде әр түрлі үшінші тұлғалардың шоттарына жіберу қажеттігі туралы жазатын алаяқтық әрекеттері жиілеп кеткенін ескертеді», - деп хабарлады Алматы ПД.

Осыған байланысты Алматы полициясы сақ және қырағы болуға кеңес береді. Мұндай жағдайларда диалогты тоқтатып, полицияға хабарлау қажет.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.