Алматы қаласындағы колонияда сотталған жасөспірімдер мерекеде ата-аналарымен кездесті

Azattyq Rýhy

Республикадағы қылмыс жасаған балалар жазасын өтейтін жалғыз колонияда қазіргі таңда 49 бала бар

Алматы қаласындағы колонияда сотталған жасөспірімдер мерекеде ата-аналарымен кездесті
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласындағы балалар колониясында жазасын өтеп жүрген жасөспірімдердің асыға күтетін мерекелерінің бірі – Балалар күні. Асыға күтетін себебі – жыл сайын 1 маусымда сотталған жасөспірімдер ата-аналарымен, туған-туыстарымен қауышады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл да жылдағы дәстүр бойынша мекеме қызметкерлері Балалар мерекесінде ашық есік күнін өткізді. Республикадағы қылмыс жасаған балалар жазасын өтейтін жалғыз колонияда қазіргі таңда 49 бала бар. Соның ішінде аса ауыр қылмыс жасағандары –34, ауыр қылмыс жасағандары –14, ал 1 бала ауырлығы төмен қылмыс жасаған.

Қуанышты мерекеге Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасарлары қатысып, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының “Алматы әуендері” коммуналдық мелекеттік қазыналық кәсіпорны концерттік бағдарлама ұсынды.

Сондай-ақ Жамбыл атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері домбырашы Айбын Ахмадиев пен әнші Ахан Еркебұлан балалар алдында өнер көрсетті.

Сотталған балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған өнерпаздарды мекеме бастығы Мирас Толубаев Алғыс хатпен марапаттады. Балалар мерекесінде Алматы орталық мешітінің қолдауымен Зекет және қайырымдылық қоры сотталғандар үшін мерекелік дастархан жайып, есте қаларлық іс атқарды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.