Ақтауда оқушыға тиісті деген күдікпен мектеп күзетшісі ұсталды

Azattyq Rýhy

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда оқушыға тиісті деген күдікпен мектеп күзетшісі ұсталды
Фото: lada.kz

Ақтауда оқушыға тиісті деген күдікпен мектеп күзетшісі ұсталды. Бұл туралы ақпарат әуелі WhatsApp-та тараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

«Кәмелетке толмаған қыздардың демалыс күні №10 мектептің ауласында ойнап жүргені және күзетшінің олардың бірін кіреберіске шақырғаны, содан кейін ол оны күзет отыратын жердің арт жағына апарып, тиісе бастағаны айтылған. Қыз қашып құтылған», - делінген аудиохабарламада.

Зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз түсіріпті.

Бұл фактіні мектептің өзі растап, оқиға жексенбі, 12 мамыр күні болғанын мәлім етті. Күзетші бірден қамауға алынды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасы түсіп қалған. Күзет агенттігіне қарсы іс қозғалды.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады.

«Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», - делінген полиция хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.