$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2024, 21:37
Қоғам

Өскеменде қызметтік көрсеткішін жақсарту үшін жалған хаттама толтырған полицей 2,5 жылға сотталды

Сондай-ақ ол үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды

Өскеменде қызметтік көрсеткішін жақсарту үшін жалған хаттама толтырған полицей 2,5 жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Өскеменде қызметтік көрсеткішін жақсарту үшін бірнеше жалған хаттама толтырған полицейге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция басқармасында патрульдік полиция батальонының инспекторы болып қызмет еткен айыпталушының ісі қалалық №2 сотта қаралды.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшысы өзінің қызметтік көрсеткіштерін жақсарту үшін Өскемен қаласының бір тұрғынының атына әкімшілік құқық бұзушылық туралы жалған төрт хаттама толтырған.

Сот полиция қызметкерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 416-бабы 2-бөлігімен (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адам жасаған бұрмалау) кінәлі деп таныды.

«Айыпталушыға үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 2 жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары