$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2024, 18:55
Қоғам

SOS-батырмасын басып көмек шақыра алады: министр туристерге жаңа гаджет берілетінін айтты

Жаңа гаджет интернеті жоқ аймақтарда жұмыс істей береді

SOS-батырмасын басып көмек шақыра алады: министр туристерге жаңа гаджет берілетінін айтты
Фото: https://www.istockphoto.com/

Қазақстанда тауға және су айдындарына баратын туристерге SOS-батырмасы бар сағаттар беріледі. Азаматтар оның көмегімен төтенше жағдай туралы хабарлай алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, алдағы жазғы маусым қарсаңында туристер үшін қауіпсіздікті сақтау өте маңызды. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, су айдындары мен таулы жерлерде қауіпсіздікті арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

«Министрлік интернетпен қамтылмаған аймақтарда жұмыс істейтін «Туристке арналған SOS-батырма» қауіпсіздік жүйесін енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл отандық өнім болады»,- деді Маржықпаев үкімет отырысында.

Үкімет кулуарында министр SOS-батырмасы сағатқа орнатылатынын атап өтті. Жаңа гаджеттер туристерге визит-орталықтарда беріледі. Төтенше жағдайға тап болған турист батырманы басып, спутник арқылы көмек шақыра алады.

«Бұл жобаны жыл соңына дейін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Алдын ала есептеулер бойынша 5 мыңға жуық батырма болады. Үш жеткізушіміз бар», - деді Маржықпаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#туристер