«Қазақстан халқына» қоры Амангелді ауданында жаңа үйлердің құрылысын бастады
Амангелді және Жангелді ауылдарында барлығы 68 баспана салу жоспарланып отыр
«Қазақстан халқына» қоры Қостанай облысы Амангелді ауданында жаңа үйлердің құрылысын бастады. Су тасқыны кезінде баспанасынан айырылғандарға берілетін бір үйдің орташа құны шамамен 29,5 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Амангелді және Жангелді аудандарында осы қордың есебінен 68 баспана салу көзделіп отыр. Бір үйдің орташа бағасы отыз миллион теңгеге жуықтайды.
«Құрылыс Қостанай облысының әкімдігімен жасалған меморандум аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық көмегі есебінен басталды. Құрылысты толық қамтамасыз ету үшін құрылысшылар мен техника, сондай-ақ жұмысшыларға қажетті құрал-жабдықтар Амангелді ауданына алдын ала жіберілді. Барлығы 27 жеке тұрғын үй салу жоспарланып отыр», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Дереккөзіне сүйенсек, Амангелді және Жангелді аудандары ауылдарында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үйлер салу жұмыстары басталған. Типтік жоба бойынша 68 баспана тұрғызылады. Бір үйдің алдын ала құны облыстың шалғайлығы мен логистиканың күрделілігін ескере отырып, шамамен 29,5 миллион теңгені құрайды.