$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сары май көгеріп, тоңазытқыш әбден тозған: депутат Тараз мектептеріндегі асханалардың сұмдық жағдайын көрсетті

Қаладағы 5 мектептің біреуінің ғана асханасы таза болып шыққан

Тараз қаласындағы бірнеше мектеп оқушыларды сертификаты жоқ азық-түлікпен тамақтандырып келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Жамбыл облысы мәслихатының депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Жанар Бүркітбаева әріптестерімен қаладағы мектеп асханаларын тексеріп, біраз былықтың бетін ашты.

«Қаланың №4, №10, №15, №16, №24 мектептерін тексеру тобында болдым. Өкінішке қарай, аталған мектеп асханаларындағы азық-түлік сертификатқа сәйкес емес болып шықты. Мысалы құжаттарда, азық түліктің бір түрі жазылған болса, іс жүзінде мүлдем басқа немесе талапқа сай емес тауар болып тұр, кейбір мектептердің асханаларындағы азық- түліктің кейбір құжаттары мүлдем жоқ. №10 мектепте ірімшіктің орнына «сырный продукт» берілген. Жалпы біздің мектептерде ірімшік орнына әртүрлі «сырный продукт» беріп жүргеніне еш күмән жоқ. Жасыратыны жоқ кейбір оқушылар үшін мектеп асханасы толық тамақтанудың мүмкіндігі болып отыр. Бірақ мына бассыздықтың салдарынан біз балаларды сол мүмкіндікпен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз», - деді Жанар Бүркітбаева.

Депутаттың сөзінше, Тараздағы №15 мектеп асханасының тоңазытқышы кір-қожалақ, ішіне картон төсеп қойған болса, №16 мектеп асханасының балаларға беріп жүрген сары майы көгеріп кеткен.

Жанар Бүркітбаева бір мектептің асханасы ғана көңіл көншіткенін атап өтті.

«№24 мектептің асханасы өте жақсы пікір қалдырды, балалар тамағына деген қамқорлықты асхана тазалығы мен тәртібінен көріп байқауға болады, ас мәзірі де көңіл көншітеді деп айта аламын. №4 пен №33 мектеп асханалары қанағаттанарлық жағдайда деуге болады», - деді ол.

Халық қалаулысы «білім басшылығының нағыз жауапсыздығы мен салғырыттығына, саланы «майшелпекке» айналдырғандардың ашкөздігіне куә болдық» дейді.

 

Серіктес жаңалықтары