Алматы облысында түзеу мекемесіндегі сотталғандар құмар ойындарға қатысқан

Azattyq Rýhy

Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан

Алматы облысында түзеу мекемесіндегі сотталғандар құмар ойындарға қатысқан
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелеріндегі заңсыздықтарды анықтады. Прокуратура мәліметінше, сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«№10-шы мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан. Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді»,- делінген хабарламада.

Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шарасы қабылданды.

Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

«Анықталған деректер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқандығын айғақтайды. Тергеу жалғасуда және қазіргі уақытта ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды»,- деп атап өтті Алматы облыстық прокуратурасы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.