$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2024, 13:51
Қоғам

732 қазақстандық Ресей түрмелерінде отыр: олар не үшін сотталғаны белгілі болды

Жазаны өз елінде өтеу үшін 44 азаматты Қазақстанға қайтару мәселесі қаралып жатыр

732 қазақстандық Ресей түрмелерінде отыр: олар не үшін сотталғаны белгілі болды
Фото: freepik.com

Қазақстанның жеті жүзден астам азаматы бүгінде Ресей абақтасында жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбай сияқты есірткі үшін сотталған екі қыз бар. Бұл туралы Бас прокуратура Azattyq Ruhy тілшісінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Ресей аумағында бас бостандығынан айырылған 732 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Олардың 677-і – ер адам, ал 55-і – әйел.

«Осы 732 адам көбіне қылмыстың мынадай түрлері: 372 адам есірткіге байланысты қылмыстар, 145 адам жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық, 123 адам кісі өлтіру жəне қалғандары басқа қылмыстар үшін сотталған», - делінген жауапта.

Ресей түрмесінде отырған отандастардың арасында екі қазақстандық қыз – Л.Капанина және А.Болатбек те бар. Олар былтыр есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар үшін бас бостандығынан айырылған.

Бас прокуратураның ақпаратынша, 2020-2023 жылдар аралығында жазаны өз елінде өтеу үшін 127 қазақстандық Ресейден Қазақстанға ауыстырылды. Тағы 44 азаматтың өтініші қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары